Өңірлер

Бурабайдағы қайырымдылық велошеруде 105 млн теңге жиналды

Жыл сайын өтетін "Rixos Borovoe 2015" қайырымдылық велошеруінде 105 млн 530 мың теңге жиналды. Оның 94 млн 100 мыңы қайырымдылық аукцион барысында жиналды.
Ақмола30 Тамыз , 16:41

Қайырымылық велошерудің мақсаты – Щучье балалар үйі мен Көкшетау қаласы мүгедек балаларға арналған медико-әлеуметтік мекемеге қайырымдылық көмек көрсету. Осы жылы 16,2 млн теңге қаржы жинау көзделген.

«Мен бұл шараға екінші рет қатысып отырғаныма дән ризамын. Бұл қайырымдылық қорының балаларға арналып отырғаны қуантады. Болашақта бұл игі іске қатысамын», - деді "Astana Pro team" команда капитаны Винченцо Нибали.

Айта кетерлігі, «Rixos Borovoe» қайырымдылық қоры 2013 жылдан бастап жүргізілуде. Екі шеруді де А.Винокуров бастады. 2013-2014 жылдары шараға 300 қазақстандық және шетелдік топ-менеджерлер қатысты. Екі қайырымдылық шара барысында 100 млн теңге жиналды. Жиналған қаржы Ақмола және Қызылорда облысының перинаталды орталықтарына көмек көрсетуге септігін тигізді.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика