ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

СҚО-да «Дін және патриотизм» атты республикалық конференция өтті

Петропавлда «Дін және патриотизм» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Солтүстік Қазақстан25 Қазан , 15:02

Конференцияда жастардың рухани және патриоттық тәрбиесі сөз болды.

«Дін жоғарғы моральдық ұстанымдарды анықтап, адамдардың бірігуін қамтамасыз етеді. Әсіресе бұл бүгінде өз идеалдарын табуға құштар жастарға қатысты», - деді ҚР Дін істері Агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Марат Әзілханов.

Шараға Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар мен Қостанай облыстарының дін істері басқармасы мен ішкі саясат басқармасы төрағалары қатысты.

Сонымен қатар, конференция жұмысына ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскері идеологиялық орталығының бастығы Евгений Федоров пен ҚР БҒМ Жастар ісі бойынша Комитет басқармасының бастығы Мақсат Мажитов та қатысты.

Кездесудің соңында қатысушылар қазақстандық қоғамның экстремизм мен терроризмге қарыс тізе қосып күресу керектігін айтты.

 




Яндекс.Метрика