Өңірлер

Өскеменде ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай бал фестивалі өтуде (Фото)

Өскемен қаласында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай Қазақстанның 4 аймағынан келген 120 омарташының қатысуымен бал фестивалі өтуде. Фестиваль барысында сатылымға 61 тонна бал қойылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 30 Тамыз, 16:14

 Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарының үздік омарташылары Өскемен қаласының Республика алаңында бал фестиваліне қатысуда. Бұл жерде бірнеше шатыр құрылып, әрбір тұрғын төмен бағамен балауыз, балтозаң сынды бал өнімдерін төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, фестиваль барысында «Алтай табиғатының сыйы» атты жәрмеңке өтіп, табиғи, сапалы көкөніс, жеміс-жидек, емдік шипалы шөп, тосап сатылымға қойылады. 

Табиғи сапалы бал өнімдерін сатып алушылар арасында ШҚО әкімі Даниал Ахметов болып, Глубокое ауданы «Рукавицын» омарта шаруа қожалығының балын сатып алды.

Айта кетсек, Өскемен қаласында бал фестивалін өткізу дәстүрі осыдан 15 жыл бұрын басталған. Бүгінгі күні республика бойынша балдың 72 %-ы ШҚО-да өндіріледі.   

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика