Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен Т.Ердоған Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті

Елбасы Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Тамыз , 13:49

 Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.

Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты.

Тараптар сондай-ақ Түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті.

Әңгімелесуге түрік тарапы бастамашы болды.




Яндекс.Метрика