Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Өскеменнің орталық алаңында 15 мың адам Конституция күнін тойлауда (Фото)

Өскеменнің орталық алаңында 15 мың адам Конституция күнін тойлауда, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 30 Тамыз, 12:14

Бағдарламаның ерекшелігі мерекелік концерттің бөлімдері ҚР Конституциясының 9 бөліміне сай келтірілген. «Адам мен азамат», «Президент», «Парламент» «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Сот және жергілікті басқару».  Облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындарды аталмыш мерекемен қттықтады.

«Біз осы жылдары бүкіл елмен реформа нәтижесіне бірге жеттік. Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістігі: Еуразиялық экономикалық одағының құрылуы, ДСҰ-ға ену, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу. Елбасының салиқалы саясатының арқасында Ұлт жоспары-100 нақты қадам жобалары жүзеге асырылуда», - деді ол.

Республика алаңында концерттен бөлек бал фестивалі өтеді, онда 120 қатысушы 61 тонна балды  ұсынады.

 





Яндекс.Метрика