Энергияның балама көздерін дамыту

ҚР СІМ мен ГФР Бундестаг депутаты жаңартпалы энергия саласындағы әріптестікті талқылады

ҚР СІМ-де ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» Халықаралық маманданған көрмесінің Комиссары Рапиля Жошыбаева ГФР Бундестаг депутаты Юрген Климкемен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Қазан , 14:58

«Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауд-экономикалық және саяси әріптестік мәселелерін, технология, инновация мен баламалы және жаңартылмалы қуат көздері салаларындағы ынтымақтастық пен «ЭКСПО-2017» көрмесіне неміс компанияларының қатысу мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Р.Жошыбаева Қазақстан үшін аталмыш көрменің маңызы мен ел экономикасын әртараптандыру бойынша мәнін атады. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» Комиссары неміс кәсіпкерліктері алдыңғы қатарлы технологиялар, соның ішінде «жасыл» энергетика саласында әлемдік көшбасшылардың бірі екенін айтты.

Өз кезегінде г-н Климке Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қатынастың жоғарғы мәртебесі мен тығыс қарым-қатынасты атап өтті. «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысына жоғары баға бере отырып Бундестаг депутаты көрме жарықтандыруына өзіндік ұсынысын айтып, шараға белсенді қатысуға мүдделі екенін білдірді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика