Өңірлер

Бурабайда А.Винокуровтың қатысуымен қайырымдылық велошеру басталды

Щучье – Бурабай курорт орталығында Олимпиада чемпионы А.Винокуров, «Astana Pro Team» командасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен «Rixos Borovoe 2015» қайырымдылық велошеруі басталды. Сондай-ақ, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин бар.
Ақмола30 Тамыз , 11:13

Қайырымылық велошерудің мақсаты – Щучье балалар үйі мен Көкшетау қаласы мүгедек балаларға арналған медико-әлеуметтік мекемеге қайырымдылық көмек көрсету. Осы жылы 16,2 млн теңге қаржы жинау көзделген.

« Мен «А.Винокуров атындағы спортты дамыту және қолдау» қоры мен «Astana Pro Team» командасы осындай шараларға қатысатынына ризамын. Қайырымдылық – біздің команданың басты мақсаттарының бірі. Біз үш жыл қатарынан бұл шараға қатысып, кінші жыл қатарынан Винченцо Нибали келуде. Біз балаларға көмек көрсетіп жатқанымызға ризамыз», - деді А.Винокуров.

Айта кетерлігі, «Rixos Borovoe» қайырымдылық қоры 2013 жылдан бастап жүргізілуде. Екі шеруді де А.Винокуров бастады. 2013-2014 жылдары шараға 300 қазақстандық және шетелдік топ-менеджерлер қатысты. Екі қайырымдылық шара барысында 100 млн теңге жиналды. Жиналған қаржы Ақмола және Қызылорда облысының перинаталды орталықтарына көмек көрсетуге септігін тигізді.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика