Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ж.Таймағамбетов: 1995 жылғы ҚР Конституциясын әзірлеу үшін отандық заң ғылымының барлық әлеуеті қолданылды

1995 жылғы ҚР Конституциясын әзірлеу үшін отандық заң ғылымының барлық әлеуеті қолданылды, қоғамдық саланың барлық мамандары тартылды, деді Strategy2050.kz. берген сұхбатында ҚР Ұлттық музейінің ғылыми жұмысы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағанбетов.
Астана қаласы30 Тамыз , 15:34

«Біз Қазақстан халқымыз – Конституцияны ашатын бұл сөзде ұрпақтардың тарихи тереңділігі көрсетілген, ол мемлекет қалыптасуына, жаңа әділ қоғамның пайда болуына әсер етті», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан егемендік алу кезінде полиэтникалық, поликонфессиялық мемлекет болды, онда орыстілді тұрғындар басым болды. Халық достастығы жоғары құндылықтардың бірі болып есептелді.

ҚР Ұлттық музейінің ғылыми жұмысы директорының орынбасары айтқандай, егеменді Қазақстан тарихында тарихқа екі негізгі заң енді.

«Біріншісі, кеңес кезінде қалған мұра болса, екіншісі 1993 жылы қабылданды. Сол кезеңнен қалған конституцияның өмірі ұзақ емес екені байқалды, жаңа көзқарас пен талаптарға орай жаңа негізгі заң қажет болды», - деді ол.

Ж.Таймағамбетов  атап өткендей, жаңа Конституцияны әзірлеу үшін отандық заң ғылымының барлық әлеуеті қолданылды, қоғамдық саланың барлық мамандары тартылды.

«Жобаны кеңінен талқылау болды, азаматтар оған 30 мың ұсыныс енгізді. Өзге елдердің Конституциясы зерттелді. 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда Конституция қабылданды», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика