Өңірлер

Таразда Конституция күніне арналған балалар арасында сурет салу байқауы өтті (Фото)

Таразда ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «Нұрлы жол» байқауы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінде.
Жамбыл 30 Тамыз, 14:31

Байқауға Тараз қаласы мектептерінің 300 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысын үш дәрежелі жас ерекшелігіне байланысты әділқазылар шешті: 7-9 жас аралығында – Нұрова Аэлита, 2 орын – Мұрат Алин, Нұптике Іңкәр, 3 орын- Мухин Алекстандр, Жанболат Жасқлан, Беркайым Гүлнәр.

10-12 жас аралығында – 1 орын – Халевич Людмила, 2 орын  - Бахтияр Орынбасаров, Дәурен Сүлейменов, 3 орын Григорьева Ангелина, Нұртеке Иман, Плейшейвер Татьяна алға шықты.

13-15 жас аралығында – 1 орын – Нұрмұхамед Сағат, 2 орын – Әзімхан Аида, Мұстаева Мерей, 3 орын – Рыбак Анна, Кабидуллина Руфия, Досмұхамбетова Арай.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика