Президент тапсырмаларының орындалуы

Ақтөбеде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының 69 қатысушы пәтер кілтіне ие болды

Бүгін,25 қазан күні Ақтөбеде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының 69 қатысушы пәтер кілтіне ие болды, деп Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Ақтөбе25 Қазан , 15:10

« «Қолжетімді баспана 2020» Бағдарламасы аясында және Ақтөбе облысы Әкімдігінің және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім негізінде «Нұр Ақтөбе» жаңа тұрғын ықшам ауданында №10 және №11 екі 9 қабатты үйлердің құрылысы аяқталды.  (607 пәтер)», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, 320 орынды бала-бақша, 1000 орынды мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Ағымдағы жылдың аяғында «Қолжетімді баспана 2020» Бағдарламасы бойынша тағы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №12, №15 және №16 үш  тоғыз қабатты үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда, барлық пәтерлердің саны 752 құрайды.

Бүгінгі күні аталған Бағдарлама бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №23, 24 және №25  3 тоғыз қабатты үйлердің құрылысы басталды, барлық пәтерлердің саны 540 пәтерді құрайды, үйлерді пайдалануға беру  мерзімі желтоқсан 2014 жыл.

Айта кетейік, 11 қазан күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына үлкен сын айтқан болатын.




Дерекнама

Яндекс.Метрика