Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков ҚР Конституциясының 20 жылдығымен құттықтады

Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Астана қаласы30 Тамыз , 12:28

«Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекет дамуының негізі, азаматтарымыздың бостандығы мен еркіндігінің кепілі. Қазақстанның бүгінге дейін қол жеткізген барлық жетістіктері және оның даму үрдістері Конституцияда айқындалған қағидалардан бастау алады», - деді әкім.

Ол атап өткендей, «еліміз әлемнің елу дамыған елінің қатарын толықтырып, үздік отыздыққа ұмтылуда. Осындай жетістіктер мен нәтижелердің астарында Конституциямен бекітілген қағидалар жатыр. Ата Заңымыздың талаптарын сақтай отырып, алатын асуларымыз биік болғай».




Яндекс.Метрика