Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қ.Мәми: ҚР Конституциясы еліміздің тұрақты өсімі мен дамуын кепілдендіреді

Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің тұрақты өсімі мен дамуын кепілдендіреді, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мами «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы30 Тамыз , 12:01

«Ағымдағы жылы Ата заңның 20 жылдығын атап өтудеміз, ол еліміздің тұрақты өсімі мен дамуын кепілдендіреді. Оның негізінде заманауи Қазақстан салынды. Баршаңызды ҚР Конституция күнімен құттықтаймын, бар жақсылықтарды тілеймін!», - деді Қ.Мами.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасының Ата Заңы1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституцияны талқылау барысында 35 мың ұсыныстар мен өзгертулер ұсынылды, барлығы 55 бапқа 1100-ден астам өзгертулермен толықтырулар енгізілді. 

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика