Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Г.Арутюнян: Тұрақты конституциялық даму – Қазақстанның үлкен басымдығы

Біз Қазақстандағы конституциялық үрдістерді айтқанда тұрақты эволюциялық конституциялық дамуына назар аудармай тұрмаймыз, бұл елдің үлкен басымдығы, деді ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесерінде Армения Конституциялық сотының төрағасы Гагик Артюнан.
Астана қаласы29 Тамыз , 18:02

«Бірнеше жыл бұрын мен өз әріптестеріме «Шынайылық пен қауіп парадигмасының жаңа онжылдығысындағы Конституционализм» атты кітапты әзірлеуді ұсындым. Біз кітапті әзірлеп, ағылшын тілінде тараттық. Оның басты мақсаты конституционализмді тапшылығы қандай себеппен орын алғанын көрсету. Біз Қазақстандағы конституциялық үрдістерді айтқанда тұрақты эволюциялық конституциялық дамуына назар аудармай тұрмаймыз, бұл елдің үлкен басымдығы.Қазір біз Армения конституциялық реформаларға көңіл бөлдік, сіздер оны тұрақты етуге бел байладыңыздар, ол жүзеге асты. Біз аталмыш кітапты әр жағынан қарастыруға тырыстық. Игорь Роговтың қатыспауынсыз біз ол кітапты шығара алмас едік», - деді ол.

Айта кетейік, кітап тұсаукесеріне Армения Конституциялық Сотының төрағасы, кітаптың идея авторы әрі бастамашысы, Жаңа демократия елдерінің конституциялық органдары конфедерациясының төрағасы Гагик Арутюнян, Бремен университетінің профессоры Рольф Книпер, РФ ұлттық стратегия институты халықаралық жобаларының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, Қазақстан және Орта Азия елдері жөніндегі маман Юрий  Солозобов қатысады. Сондай-ақ шараға отандық және шетелдік ғалымдар, Астана жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, Елбасы кітапханасы жанындағы «Кемел Ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшелері жиналады.

Шара соңында Елбасы кітапханасы қорына «Қазақстан тренді: тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мемлекетке (сырттай көзқарас)» кітабын тапсыру рәсімі өтеді.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика