Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Елбасы кітапханасында елдің құқықтық жетістіктері туралы шетелдік ғалымдар пікірі жиналған кітап жарық көрді

Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Қазақстан тренді: тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мемлекетке (сырттай көзқарас)» кітабының таныстырылымы өтеді.
Астана қаласы29 Тамыз , 17:32

«1,5 жыл бұрын Гагик Арутюянмен кездесу барысында біз екі елдің құқықтық құрылымы туралы айтқан болатынбыз. Гагик Аруютян ол кезде Қазақстанның құқықтық жүйесі мен мемлекеттілігінің қалыптасуын бақылап жүргенін айтты. Ол Қазақстан Президенті мен құқықтық жүйе туралы көптеген нәрсе айтуға болатынын айтты», - деді ҰР Конституциялық кеңесінің төрағасы И.Рогов.

Армения Конституциялық Сотының төрағасы, кітаптың идея авторы әрі бастамашысы, Жаңа демократия елдерінің конституциялық органдары конфедерациясының төрағасы Гагик Арутюнян, Бремен университетінің профессоры Рольф Книпер, РФ ұлттық стратегия институты халықаралық жобаларының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, Қазақстан және Орта Азия елдері жөніндегі маман Юрий  Солозобов қатысады. Сондай-ақ шараға отандық және шетелдік ғалымдар, Астана жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, Елбасы кітапханасы жанындағы «Кемел Ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшелері жиналады.

Шара соңында Елбасы кітапханасы қорына «Қазақстан тренді: тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мемлекетке (сырттай көзқарас)» кітабын тапсыру рәсімі өтеді.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика