Қорытынды гала-концертке өңірлік байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Мерейлі мерекемен Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов құттықтады.
Айта кетейік, идеяны Елбасы ҚХА-ның 20-шы сессиясы барысында ұсынған болатын.
Шара этномәдени ұйымдарды біріктіруге сақтауға бағытталған.
«Біздің елде алғаш өткізіліп отырған фестиваль ерекше мәнге ие, Қазақстан дамуының басты басымдығы халық бірлігі болып есптеледі», - деді ол.
Фестиваль қонақтары ҚХА мүшелері, ҚР мемлекеттік орган қызметкерлері, Армения, Қырғызстан, Беларусь елінің этномәденибірлестіктері болды.
Суретке түсірген Азамат Әлиев