Үкімет

Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық блоктің заң жобалары пакеті мақұлданды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді, онда әлеуметтік-экономикалық блоктің заң жобалары пакеті қаралып, мақұлданды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Астана қаласы29 Тамыз , 16:34

Қаржы министрі Б.Сұлтанов «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды.

Министр айтып өткендей, үш жылдық бюджеттің негізгі міндеттері бюджеттің теңгерімділігін және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан өзге, бюджет тапшылықтың минималды параметрлерін қабылдау арқылы капиталдың сыртқы көздеріне тәуелділікті төмендетуді, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қолдау көрсетуді және мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы экономиканы ынталандыруды қарастырады. 

«Бюджет 2016-2018 жылдары азаматтық қызметкерлердің жалақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізуге, әлеуметтік төлемдерді арттыруға қатысты Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік міндеттемелер бойынша тапсырмасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді... Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бөлігі қорғалып қана қоймайды, сондай-ақ арттырылады», - деп баса айтты Б.Сұлтанов.

Ол сондай-ақ «ағымдағы жылы бағыттарды келесі тоқтата тұрумен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қайта қарау жүргізілетінін, олар басымдықты болып емес, еліміздің дамуының жаңа экономикалық жағдайына қарап сараланатынын» мәлімдеді. 

Сөзін түйіндей келе, министр «заң жобасында еліміздің әлеуметтік және экономикалық саясатын айрықша жағдайларда жүзеге асырудың негізгі бағыттары көрініс тапқанын, және ол мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру құжаттарының бірі болып табылатынын» айтты.

Отырыста сондай-ақ 5 институционалдық реформаны және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысты 30-дан астам заң жобасы мақұлданды. 

«Бүгін қабылданған заң жобалары – бұл аса маңызды әрі жауапкершілікті қадам. Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия төрт ай бойы тығыз режимде жұмыс жасады. Және бұл заң жобалары – орасан зор орындалған жұмыстың нәтижесі. Енді біз жаңа кезең – Парламентте заң жобаларын қорғауға көшеміз», - деп Премьер-Министр дауыс беруді қорытындылады.

Отырыста сондай-ақ «2016-2018 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілді трансферттеу туралы» заң жобасы мақұлданды. Заң жобасы жыл сайын 2,3 трлн. теңге көлемінде кепілді трансферт бөлуді қарастырады. 

Бұдан өзге, Үкімет мүшелері жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін қарады. 

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

 




Яндекс.Метрика