Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астана әкімі Конституцияның 20 жылдығына арналған дуатлонға қатысты

Қазақстан Республикасының 20 жылдығы қарсаңында елордада тұңғыш рет "Астана-дуатлон - 2015" жарысы өтті. Спорттық шараға Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, сонымен қатар, олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты.
Астана қаласы29 Тамыз , 14:38

 «Мұндай шаралар әлемнің ірі қалаларында көптеп ұйымдастырылады. Бұл - мықты, мақсатшыл және бірбеткей адамдарға арналған спорт. "Астана-дуатлон" қаламыздың игі дәстүріне айналады деп сенемін. Барлық астаналықтарды спортпен шұғылдануға шақырамын», - деді қала басшысы Әділбек Жақсыбеков шара барысында.

Бас жүлде - елорданың ең беделді фитнес-орталығына бір жылдық абонементті, берілген қашықтықты ең жылдам болып өткерген - 1996 жылы туылған Юрий Щербинин (40,10 минут) және 1995 жылы туылған Амилия Ысқақова (48,32 минут), 36-50 жас аралығындағы сайыскерлер ішінде Жанболат Қадыров пен Татьяна Михалева, ал 51 жастан асқан дуатлоншылар арасында Леонид Лечщинский жеңіп алды.

«Астана-дуатлон – 2015» жарысының жүлделі орындары үш жас категориясы бойынша тағайындалды: 16-дан 35-ке дейін, 36-дан 50-ге дейін және 51 жастан асқандар үшін.

Жарысқа қатысушылар 15 шақырымға созылған қашықтықты велосипедпен енсеріп, 5 шақырым қашықтықты жаяу жүгіріп өтті. Қашықтықтың жалпы ұзындығы мерейтойлық санмен сәйкес келеді.

Индира Қауметова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика