Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Қарулы Күштерінде ҚР Конституция күнінің 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтуде

Еліміз 1995 жылы мемлекеттің саяси, әлеуметтік және мәдени даму жолын белгілеген Конституция Күнін – Қазақстан Республикасының Ата Заңының 20 жылдығын атап өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 29 Тамыз, 15:36

Осы орайда еліміздің түрлі өңірлеріндегі Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты Әскери-теңіз күштерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен құралымдарында мерекелік концерттер, патриоттық жиындар, әскери-спорттық жарыстар және отбасылық іс-шаралар өтуде.

Атап айтсақ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизонының Офицерлер үйінде әскери қызметшілер Мүмкіндігі шектеулі адамдарды емдеу және оңалту орталығында мерекелік концерт ұйымдастырды. Әуендері жүрекке жол тапқан танымал қазақ сазгерлерінің патриоттық әндерін офицерлер шырқады. «30 тамыз – бұл айтулы күн, тұтас мемлекетіміздің және қазақстандық халықтың ерекше тарихи күні. Сондықтан бұл мерекеде барлық қазақстандықтардың, жастар мен қарттардың, сіздің қамқорлығыңыз бен назарыңыз аса қажет адамдармен бірігу өте маңызды», - деп Тараз гарнизоны Офицерлер үйінің бастығы аға лейтенант Айман Сметова атап өтті.

Дәл осы уақытта Алматы қаласындағы «Халық» спорттық саябағында ҚР Ата Заңының 20 жылдығына ұштасқан жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілерінен құралған сегіз команда арасында мини-футболдан Біріншілік өтеді. ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу 8 тамыз күні ҚР Қарулы Күштерінде «Ата Заңға адалмыз» атты патриоттық акциясымен бірге басталды. 30 тамызға дейін жалғасқан акция Қарағанды, Ақтау, Шымкент және Өскемен қалаларындағы ҚР ҚК барлық өңірлік қолбасшылықтарында өтті.

 





Яндекс.Метрика