ҚР мен БАӘ арасындағы қарым-қатынас саяси, сауда-экономикалық, инвестиция, мәдени салада дамуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті шейх Халифы бен Заида Аль Нахаянның қарым-қатынасы достық әрі іскерлік тұрғыда дамыған.
Біздің елде әмірлік капиталының қатысуымен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде Астанадағы «Әбу Даби Плаза», «әл-Хиляль» Ислам банкі және ОҚО-да перинаталдық орталық пен мешіт салынды.
Айта кетейік, Астанада орта мектептің іргетасы қаланды, оны әмірлік тарапы жүзеге асырады.