Президент тапсырмаларының орындалуы

Қарағанды облысында 2020 жылға дейін 3,5 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі – Б.Әбдішев

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін мемлекеттік бағдарламаның барлық 8 бағыты бойынша 3,5 млн шаршы метрдей тұрғын үй қолданысқа беріледі. Бұл шамамен 38 мың пәтер, деді бүгін Бауыржан Әбдішев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингісінде.
Қарағанды25 Қазан , 14:28

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылдың 9 айында Қарағанды облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде 258 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген.

Сонымен қатар, әкім баспана құнын арзандату мақсатында өңірде жаңа технологиялар бойынша жылына 162 мың текше шартты темір бетонын өндіретін тұрғын үй құрылысы комбинатының құрылысы басталады.

«Бұл 60 мың шаршы метр дайын баспана мен 60 мың шаршы метр ғимараттардың баламасы», - деп түсіндірді облыс басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда ҚР Президентінің қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының орындалу барысында көптеген кемшіліктер кетіп жатқанын ескертті. Көптеген отбасылар табысының аздығы себебінен аталмыш бағдарламаға қатыса алмай отыр.

 




Яндекс.Метрика