Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Конституциясы күні қарсаңында 260 ақмолалық марапатталды

«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Қазақстан Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола29 Тамыз , 12:39

Салтанатты іс-шарада Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған облыстың бірқатар азаматтарына «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін және облыс әкімінің алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Еске сала кетейік, кеше облыс әкімдігінде өңір басшысы облыс аудандары мен қала әкімдеріне, облыстық басқарма басшыларына, яғни 50 адамға «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарын табыстаған болатын. Жалпы өңірде ҚР Конституциясы күні қарсаңында биыл 260 ақмолалық медальдармен марапатталды.

Салтанатты жиналыста облыс әкімі Сергей Кулагин жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, бүгінде бүкіл әлемнің назары мен таңданысы біздің еліміздің қол жеткізген жетістіктерінде екендігін айтып, мұның бәріне біз Ата заңымыздың  арқасында қол жеткізгендігімізді еске салды.

Әр азаматқа орта білім алуға кепілдік берілетін негізгі Заңды орындай отырып, жаңа оқу жылында біздің облысымыздың мектептерінің есігін 109 мың оқушы ашады. 2010 жылдан бері индустриалдық-дамыту бағдарламаларының шеңберінде, өңірде 50 жаңа индустриалдық нысан ашылды, оларда бүгінде 5,5 мыңнан астам қызметкер еңбек етуде. Облыста «Қолжетімді баспана» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда, оның аясында жуық болашақта 700 мың ш.м. тұрғын үй енгізілмекші.

Конституцияның мерейтойы, оның 20 жылдығы қол жеткізген жетістіктерімізді бағалап қана қоймай, алға қойылатын жаңа мақсаттарды айқындауымызға, оған қол жеткізуге бар күш-жігерімізді жұмсауға жетелейді, - деді әкім.

Сондай-ақ, осы күні ҚР Конституциясының құрдастары мен «Қазақстанның үздік тауары» бақауының жеңімпаздарын марапаттау, алғаш рет мемлекеттік қызметке түсіп отырған 10 мемлекеттік қызметкердің ант қабылдау рәсімдері өтті.

Салтанатты шара соңында Ақмола облысының шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.  

 




Яндекс.Метрика