Адами капитал

АТОМ жобасы Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнді бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды

АТОМ жобасы Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнді бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Астана қаласы29 Тамыз , 10:03

«Біз барлық адамдарды 11.05-те бір минут үнсіздік ұстауға шақырамыз. Бұл уақыттың таңдалуы «V» әрпін көрсетеді, ол жеңісті білдіреді. Бұл кезең қорқыныш пен ядролық қаруға қарсы жағдайды жеңудің белгісі», - деді АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков.

Осы жылы АТОМ жобасы Дзюдо ардагерлер федерациясымен бірігіп Астанадағы «Алау» мұз айдыны жанында митинг өткізеді. Федерация дзюдошылары ақ көгершіндерді аспанға жіберіп,11.05-те бір минут үнсіздік ұстайды.

Айта кетейік, АТОМ жобасы ядролық қаруды қолдануға қарсылық білдіретін халықаралық кампания болып саналады. Бүгінде 100 елдің 200 мың адамы АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойды.

 




Яндекс.Метрика