Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік 2014-2015» рейтингісінде ТМД мен ОА елдірінің бірқатарының алдына шықты

Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік 2014-2015» рейтингісінде Қазақстан 144 мемлекеттің ішінен 50 орынға табан тіреген, ол осылайша Ресей мен Орталық Азия елдерінің бірқатарының алдына шықты, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялардың ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алмас Айдаров Астанадағы Қазақстан-Сербия бизнес-форумында.
Астана қаласы28 Тамыз , 19:08

«Қазақстан бүгінде өсіп жатқан экономикалық әлеуеті бар. Жалпы, Қазақстан әлем экономикасында 189 әлем экономикасы ішінен 77 орында тұр, сонымен қатар миноритарлы инвесторларды қорғау индикаторында 25 орынға табан тіреді. Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік 2014-2015» рейтингісінде Қазақстан  144 мемлекеттің ішінен 50 орынға табан тіреді, ол осылайша Ресей мен Орталық Азия елдерінің бірқатарының алдына шықты», – деді А. Айдаров.

Сонымен қатар ол атап өткендей, Қазақстанның табиғи байлықтар қоры мол.

«Белгілі болғандай, мұнай мен газ, хром, уран, цинк қоры бойынша әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Сонымен қатар, Қазақстанның салық салмағы аймақта ең төмені,  корпоративті-табыс салығы – 20% , қосымша құн салығы  – 12%, мүлік салығы – 15%», – деп толдықтырды ол.

Анар Тәңірқұлова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика