Халықаралық интеграция

Астанадағы Қазақстан-Сербия бизнес-форумында ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылды

Қазақстан-Сербия бизнес-форумында «KAZNEX INVEST» АҚ мен Сербияның сауда-өндіріс палатасы және «KAZNEX INVEST» АҚ мен EnergotehniKA-Juzna Backa d.o.o.арасында өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы28 Тамыз , 19:02

«Серіктестік орнатуға ұсынылған салалар – құрылыс және құрылыс материалдарының индустриясы. Мұнда шетелдік нарықта жұмыс істеу бойынша үлкен тәжірибесі бар компаниялардың өкілдері отыр, олар биік ғимараттарды салу, жол индустриясы, энергетика мен тау ісі саласында жұмыс істейді.  Бұл тәжірибемен және технологиямен алмасу. Ал, агроөндіріс саласында сербиялық экономика ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмаса алады», – деді Сербияның сауда-өндіріс палатасы президентінің кеңесшісі Велько Йованович.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Қазақстан-Сербия бизнес-форумына 100-ге жуық бизнесмендер қатысуда.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика