Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҚР-да қайта өңдеу саласына 2014 жылы 3,7 млрд долл инвестицияланды

ҮИИДМБ жүзеге асыру жылдары қайта өңдеу саласына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2008 жылғы 300 млн доллардан 2014 жылы 3,7 млрд долларға дейін артты, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялардың ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алмас Айдаров Астанадағы Қазақстан-Сербия бизнес-форумында.
Астана қаласы28 Тамыз , 19:13

«Қазақстан индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруда. Бүгінде бірінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілген, 2010-2014 жылдар аралығында 700-ден астам жаңа жобаны жүзеге асырдық.  Қайта өңдеу саласына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өсті, 2008 жылғы 300 млн доллардан 2014 жылы 3,7 млрд долларға дейін артты», - деді А.Айдаров.

Ол атап өткендей, 2015 жылы индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасы қабылданды, онда басымдылық берілген 14 сектордан тұратын 6 сала анықталды.

«Олар металлургия, химия өндірісі, мұнайхимия, машинақұрылысы, құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ өндірісі. Бұл Қазақстан екінші бесжылдықта басымдылық берген өндірістің салалары», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика