Инвестициялар

А.Айдаров: Қазақстан инвестициялық ынталандыруға ерекше көңіл бөледі

Қазақстан инвестициялық ынталандыруға ерекше көңіл бөледі, деді «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялардың ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алмас Айдаров Астанадағы Қазақстан-Сербия бизнес-форумында.
Астана қаласы28 Тамыз , 18:39

«Қазақстан инвестициялық ынталандыруға ерекше көңіл бөледі. Шетелдік инвесторларға 5 жыл бойы кедендік баж салығынан босатылу сондай-ақ, жер ретіндегі табиғи гранттар беріледі. Өткен жылдан бері шетелдік инвесторлар үшін ынталандыру топтамалары ұсынылап жатыр. Оның ішінде 20 елге виза алынып тасталды», - деді А.Айдаров.

Сондай-ақ, Қазақстанда инвесторларға 30 пайыздық инвестициялық субсидия бөлінеді.

«Инвесторлар үшін мемлекеттік органдармен бір терезе бойынша өзара қарым-қатынас орнатылды. Сондай-ақ, инвесторлар үшін заң бойынша кепілдік берілген. Бұл заңның тұрақтылығы болып саналады. Ол бекітілген келісім аясында жұмыс істеуде. Сондай-ақ, инвестициялық омбудсмен институты енгізілді, оның негізгі қызметі инвесторлар құқығын қорғау», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика