Халықаралық интеграция

Сербия Еуразиялық одаққа автокөлік экспортын шығаруға қызығушылық танытуда – Т.Николич

Сербия Еуразиялық одаққа автокөлік экспортын шығаруға қызығушылық танытуда, деді Сербия Президенті Томислав Николич Қазақстанға келген ресми сапары барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 18:27

«Сербия үшін Fiat пен Еуразиялық одаққа автокөлік экспортын шығару өте маңызды.  Энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жүргізу өте маңызды. 2014 жылы сауда айналымы 14 млн долларды құрады, ол менің сапарымнан кейін өседі деп үміттенем», - деді Президент.

Т. Николич атап өткендей, Сербия Қазақстанмен инвестиция саласында шынайы  серіктестікке айналуда.

«Инвестор білімді жұмыс күшіне жүгіне алады, біз білім беру, мәдениет және ғылым саласында ынтымақтасуға мүдделіміз», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика