Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев: Біз Сербияны Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз

Біз Сербияны Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз және барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз, деді ҚР Президенті Н.Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичпен кездесу барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 17:41

«Біз Сербияны Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз және барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Делегациялар арасындағы келіссөздер аясында біз саясат, экономика мәселелерін талқылап, біздің елдер арасындағы әлеуетті талқыладық. Сербия Президентімен бірінші кездесуіміз емес, біз халықаралық белдеулерде бірқатар кездестік. Бүгін біз ынтымақтастық кеңейту мәселесін талқыладық», - деді Н.Назарбаев.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, негізгі мақсат сауда – экономикалық ынтымақтастықтың нығаюы болып есептеледі.

«Біздің мемлекеттер көптеген бағыттар бойынша ұқсастық тауып жатады. Жалпы, бүгінгі кездесудің нәтижесіне көңіліміз толды», - деді ҚР Президенті.

Индира Кауметова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика