Мәдениетті жаңғырту

«Астана Опера» театрының үшінші маусымы II «Жібек Жолы» фестивалімен ашылады

«Астана Опера» театрының үшінші маусымы II «Жібек Жолы» халықаралық музыка фестивалімен ашылады. Аталған классикалық өнер мерекесіне Америка, Алмания, Польша, Жапония, Корея, Ресей және Қазақстан әртістері қатысады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Тамыз , 16:02

Фестиваль, 25 және 26 қыркүйекте тұсауы кесілетін, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан бастау алады.  Қазақтың аса көрнекті ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының (1845-1904) тұлғасы - қойылымдағы идеяның өзегі. Сонымен қатар, бұл адамның жақсы мен жаман жақтарын сүзгіден өткізетін ескішілдік пен жаңашылдықтың бітпес күресі, қос жастың – Айдар мен Ажардың романтикалық және трагедиялық махаббатының тарихы. Ескі дәстүрге Абай мен оның шәкірті Айдар қарсы шығады. Тамаша музыка кейіпкерлердің сүйіспеншілігін де, сот көрінісіндегі үрейді де, той-думан кезіндегі шаттықты да, қазаның шерін де жеткізеді, дегенмен соңында үміт әуені естіледі және ол Абайдың бейнесімен байланысты.

 Операны қоюмен, ұлттық классиканы жаңа заманауи нұсқада ұсынатын және 3D-мен қоса өзге де соны технологиялар қолданылатындықтан көрермен спектакльден керемет әсер алатынына уәде беретін, қазақстандық-итальяндық өнер ұжымы айналысуда.  Тұсаукесерді қыркүйек айында тамашалай алмағандар, операны 8 қазанда тыңдай алады.

Қыркүйек айының соңғы жұлдызында көрерменге аса көрнекті хореограф Б. Эйфманның  «Роден» балеті ұсынылады. «Өшпенділік – бұл ренішпен жараланған махаббат», - деген екен ақын, оның сөздері суретші әрі мүсінші Камилла Клодельдің көзі тірісінде жете бағаланбаған сезімін дәлме-дәл жеткізеді. Өзінің махаббатымен және өнерімен шабыттандырған ұлы Огюст Роденнің жас музасы, атақ пен табыстың дәмін татпай-ақ ақылынан адасады. Роден болса жаны қарс айырылып, азаматтық некедегі қамқоршы жұбайы мен ашынасының (сүйіктісінің) ортасында азап шегеді.

Әлемдегі музыкалық театрлардың жарқыраған жауһарларының бірі  – «Аида» опералық спектаклі «Астана Опера» сахнасында 4 қазанда шырқалады. Аталған операда тыңдарманды еліктіретіннің бәрі – махаббат пен бақталастық, соғыс пен құмарлық, экзотикалық билер мен салтанатты шерулер бар.

Келесі күні, 5 қазанда тамаша скрипкашы, беделді халықаралық конкурстардың жеңімпазы Ержан Күлібаев қатысатын концерт өтеді. Бағдарламада – финдық композитор Ян Сибелиустің музыкасы.

Классиканың жауһары – П.И. Чайковскийдің эксклюзивті 3D нұсқадағы «Аққулы көл» балетін елорда тұрғындары мен қонақтары 11 қазанда және  2 қарашада бағалай алады. Өмірде де, өнерде де жұбы жазылмаған атақты итальяндықтар – Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино әзірлеген декорациялар мен костюмдер күні бүгінге дейін бір де бір көрерменді бей-жай қалдырған емес.

 

 




Яндекс.Метрика