Өңірлер

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында 100 жаңа үй пайдалануға берілді (ФОТО)

Бұқар жырау ауданындағы Мұстафин елді-мекенінің 100 отбасысы өз баспаналарында қоныс тойын тойлады, ол көктем кезіндегі су тасқыны салдарынан қираған үйлердің орнына тұрғызылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды 28 Тамыз, 16:57

 «Бұл оқиға ҚР Конституциясының 20 жылдығына бекер орайластырып отырған жоқ. Себебі біздің негізгі заңымыз азаматтарға баспанаға ие болу құқығына кепілдік береді», - деді аймақ басшысы.

Үйлерді қарау барысында облыс әкімі өңір бойынша барлық жағдайды бақылады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев облыста су тасқынынан 2107 баспана зардап шеккенін айтты, бүгінде 163 баспана салу қалды.

Оған қоса, облыстың 12 ауданының 7 ауданы бойынша жұмыс жасалынды, кестенің жоспарынан тыс Бұқар Жырау ауданының 100 үйі салынды.

Облыс бойынша 75 ұйым жұмыс істеуде. Қыркүйек айының басында барлық үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Н.Әбдібеков бірқатар үйді аралап, қоныс тойымен тұрғындарды құттықтады.

Сондай-ақ,  елді-мекенде «Мектепке жол» акциясы өтті. Акция аясында 50 аз қамтылған отбасы оқушылары мектепке керек заттармен қамтылды.

«Білім беру саясаттың ең басты басымдығы болып қалады. Себебі тек оқыған, саналы азаматы бар ел болашақта үлкен жетістіктерге жете алады», - деді аймақ басшысы.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика