Адамзаттық капитал

Қадіровтар отбасы: «Мерейлі отбасы» байқауы отбасының қасиетін түсіндіреді

«Мерейлі отбасы» байқауына қатыса отырып отбасының қаншалықты қасиетті екенін түсінесін, деп ағынан жарылды Мұратбай мен Күнсұлу Қадіровтар отбасының үлкен қызы Индира «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы28 Тамыз , 16:21

Айта кетерлік жайт, Қадіровтар отбасында 7 бала тәрбиеленуде. 

«Әкеміз №148 гимназияда сантехник болып жұмыс істейді,ал  анам болса өзін толығымен отбасына арнаған. Мен болса Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін тәмәмдап, бүгінде Алматы телеарнасының таңертеңгілік бағдарламасының жүргізушісі болып жұмыс істеймін. Сіңілім Айтолқын  жаңа экономика университетінде «Кеден ісі» мамандығы бойныша білім алуда, ал ұлдардың үлкені Бағдат биыл 11 сыныпты бітіріп, қаржыгер мамандығына оқуға түсті. Қалған балалар мектепте оқиды, Мақсат-8 сыныпта, үшем Сара, Иманғали мен Мұқағали 4 сыныпта оқиды», - деді ол. 

Индира хабарлағандай, отбасында барлық жеті балаға брдей көңіл бөлінеді.

«Отбасымызда барлығымыз талантты. Інім Бағдат К.Байсеитова атындағы музыка мектебінде оқыды. Мақсатта осы мектепте флейта сыныбында білім алды және 7 жыл бойы футболмен айналысты. ЦСКА спорт клубында ойнады, қазір «Қайратқа» ауысып кеткен. Ал, үшемдеріміз 5 жастан бастап сахнада өлең айтады» - деп түсіндірді ол.

Кадіровтар отбасының үлкен қызы атап өткендей, ата-аналарымыз кейде қатал болады, алайда оның бәрі өз орнымен және балаларын адал қылып тәрбиелеуде.

«Ата  аналарымыз әрқашан адамда бастышы  адалдылық. Қайда болсаңда шындықты айтыңдар, өтірік айтушы болмаңдар, шындық арқылы жетістікке жете аласыңдар деумен келеді», - деді Индира.

Жексенбі күні Қадіровтар отбасында отбасылық күн. Оны олар барлығы бірге өткізуге тырысады, киноға, паркке немесе теарт, қонаққа барады. Осы ретте ол толқытырып кеткендей, «Мерейлі отбасы» байқауына қатыса отырып отбасының қаншалықты қасиетті екенін түсінесін.

«Бұл біздің алғашқы отбасылық байқауымыз емес, бұған дейін 2011 жылы аудандық «Мөлдір бұлақ» байқауына қатысып, онда жеңіске жеттік. «Мерейлі отбасы» байқау туралы өткен жылы білдік, алайда күте тұруды жөн санадық. Осындай байқауларға қатыса отырып отбасының не екенін, оның мағынасы мен қасиетін тереңірек түсіне бастадық. Мен мақтанышпен өз отбасым туралы айта аламын», - деп түйді Индира.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика