Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Малайзияның құқықтық саладағы ынтымақтастығы талқыланды

Тәуелсіздік сарайында «Конституция: халық бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық-практикалық конференция шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Малайзия Жоғарғы Сотының Төрағасы Арифин Бен Закариямен кездесті, деп хабарлады Жоғарғысоттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 28 Тамыз, 15:49

«Біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар бұдан 23 жыл бұрын орнады. Осы уақыт аралығында өзара іс-қимылдың кең ауқымды салалары бойынша екіжақты байланыстарды серпінді нығайту жөнінде берік саяси бәтуаластыққа қол жеткізілді», - деп атап өтті Жоғарғы Сот Төрағасы кездесу алдында.

Әңгімелесу барысында Қ. Мәми Малайзия Жоғарғы Сотының Төрағасы Арифин Бен Закарияға Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бес институционалдық реформа шеңберінде сот жүйесін реформалау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Бұл – үш сатылы сот жүйесіне көшу, Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық орталығын құру, тергеу судьясының өкілеттігін кеңейту, судьялыққа үміткерлерге талаптарды арттыру, Жоғарғы Сот жанынан инвестициялық істер бойынша мамандандырылған алқа және Халықаралық консультативтік кеңес құру.

Кездесудің қорытындысында тараптар екі елдің соттары арасындағы серіктестік қарым-қатынастар одан әрі нығая беретіні туралы пікірлерін білдірді.

 





Яндекс.Метрика