Халықаралық интеграция

БАӘ Астанада қаржы орталығын құруға көмектеседі

Бұл сапар аясында біз Қазақстанмен Қазақстанға қаржы орталығын қалыптастыру үшін қолғабыс көрсету туралы меморандумға қол қойдық, деді Дубай халықаралық қаржы орталығының бас судьясы Майкл Хван ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған конференция барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 14:47

«Мен ДХҚО таныстырамын. Сапар барысында біз Қазақстанмен Қазақстанға қаржы орталығын қалыптастыру үшін қолғабыс көрсету туралы меморандумға қол қойдық», - деді М.Хван.

Оның айтуынша, Астана қаржы орталығында жұмыс тәртіп бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі.

«Дубай орталығы 2008 жылы бизнесті жүргізу үшін ашылды, біз халықаралық құқықтық органдардың назарын аудару үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біздің сот нарықтық зерттеу жүргізе алады, британдық коммерциялық соттың мысалы болып табылады», - деді ол.

«Біз континентальді мемлекттермен меморандум құруды жоспарлаудамыз. Астана қаржы орталығын құрушылармен тәжірибе алмасуға мүдделіміз. Сіздердің орталықты халықаралық дәрежеге жеткізуге көмектесеміз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика