Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Б.Қайыпова: Әрбір қазақстандық ҚР Конституциясы қызметінің жүзеге асуына тікелей араласа алады

Әрбір қазақстандық ҚР Конституциясы қызметінің жүзеге асуына тікелей араласа алады, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.
Астана қаласы29 Тамыз , 13:46

«2015 жыл тәуелсіз Қазақстанның тарихында айтулы орынға ие болды. Осы жылы бірқатар шаралар ішінде 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясының 20 жылдығын атап өтеміз. Бұл жалпыхалықтық Конституция, себебі оның қабылдануына 3 млн қазақстандық қатысып, 30 мың ұсыныс енгізді. Осыған орай әрбір қазақстандық ҚР Конституциясы қызметінің жүзеге асуына тікелей араласа алады», - деді Б.Қайыпова.

Б.Қайыпованың айтуынша, ҚР Конституциясының 20 жылы ішінде бірқатар өзгеріске ұшырады, олар әрбір қазақстандықтың құқық бостандығы мен дамуына бағытталған.

«Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс тобы қызметінің аясында біз ешбір елдің Конституциясын көшірмейтінімізді айтты. Бізге қазақстандықтың иісі аңқыған Конституция керектігін айтты. Салт- дәстүр, қазақ халқының құқығы сақталуы керек, сондай-ақ, жетекші елдердің тәжірибесіне де сүйенген жөн. Осы жылдар арасында Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілді. Олардың барлығы саяси, мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика