Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Конституцияның 20 жылдығына орай Н.Назарбаевқа Қазақстанның мемлекеттік қалыптасуы туралы сарапшылар пікірінен тұратын кітап сыйланды

ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай Н.Назарбаевқа Қазақстанның мемлекеттік қалыптасуы туралы сарапшылар пікірінен тұратын кітап сыйланды, жинақты Арменияның Конституциялық сотының төрағасы Гагик Арутюнян ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған конференция барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 14:16

«Нұрсұлтан Әбішұлы, «Қазақстандық тренд: тоталитаризмнен құқықтық демократиялық мемлекетке дейін»  атты  кітапты мен үшін барлық авторластардың қол қойылуымен табыстау үлкен құрмет», - деді Г.Арутюнян.

Оның айтуынша, аталмыш идеяны ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговтың қолдау көрсетуімен жүзеге асырған.

Айта кетерлігі, аталмыш кітап шетелдік мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің пікірлері мен мақалаларынан тұрады, онда ҚР-ның соңғы 20 жылдағы құқықтық даму саласындағы жетістігі мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ел Констуциясына қосқан үлесі талқыланған.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған конференция өтуде, оған орталық мемлекеттік орган жетекшілері мен 29 елдің конституциялық бақылау органдарының жетекшілері қатысуда.

Индира Кауметова

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика