Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру

Қазақстан мен Корей Республикасы мемлекеттік қызметте әріптестік жоспарын жасады

ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы Ә.Бәйменов Корей Республикасы Қауіпсіздік және мемлекеттік басқару министрі г-ном Ю чон Бокпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.
Әлемде25 Қазан , 14:05

«Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бойынша әріптестік қатынастарды талқылады», - делінген хабарламада.

Әріптестіктің білім беру жоспарына «А» корпусына арнайы семинарлар өткізу мен оқыту бағдарламаларын дайындау, біріккен бағдарламалар негізінде қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Оңтүстік Корейлік сарапшылардың лекциясы кіреді.

Сонымен қатар, Корей Республикасы Қауіпсіздік және мемлекеттік басқару министрлігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен тараптар мемлекеттік қызмет саласындағы құрылтайшыларының бірі Корей Республикасы болып табылатын Астана Аймақтық хабы аясында жақын әріптестік келісіміне қол жеткізді.

Бұдан бөлек, Ә.Бәйменов пен Корей Мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру институты ректоры Юнг Че Ю арасында кездесу өтті.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика