Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Түркістанның индустриалды аймағында 8 жоба жүзеге асырылуда (Фото)

40 га жерді алып жатқан Түркістанның индустриалды аймағында үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 жоба жүзеге асырылуда. Жұмыс барысымен Түркістан мен Кенатуға барған сапары аясында ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов танысты.
Астана қаласы 28 Тамыз, 16:04

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс жетекшісі Түркістанның индустриалды аймағымен танысты. Қазіргі таңда онда 8 нысан салынуда. Жыл соңына дейін үш жаңа нысанның енгізілуі басталады. 335 адам жұмыспен қамтылды.

Б.Атамқұлов жергілікті билікке  бекітілген уақытта нысанды тапсыруды жүктеді. Өңір басшысы Кентау қаласында жүзеге асып жатқан жұмыспен танысты.

 25 га жерді алып жатқан Индустриалды аймақта 7 жоба жүзеге асырылуда. Оның үшеуі жергілікті трансформатор зауытына қосымша бөлшек өндіретін болады.

Айта кетейік, 8 тамызда Елбасының Жарлығымен Бейбіт Атамқұлов ОҚО әкімі болып сайланды. Осыған дейін ол ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған болатын.

 

 





Яндекс.Метрика