Халықаралық интеграция

ҚР Жоғарғы соты мен Дубай қаржы орталығы өзара түсіністік бойынша меморандумға қол қойды

ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында ҚР Жоғарғы соты мен Дубай қаржы орталығы өзара түсіністік бойынша меморандумға қол қойды.
Астана қаласы 28 Тамыз, 13:56

Меморандумға Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мен ДҚО сотының бас судьясы Майкл Хван қол қойды.

Аталмыш меморандум аясында ынтымақтасу  заңдар мен ҚР мен ДҚО соттарының үдерісін түсінуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, меморандумға қол қою Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынасының белсенді дамуына байланысты.

Бұл өз кезегінде іскерлік қарым-қатынасты нығайтып, екіжақты тарапқа бизнесті интеграциялауға қолайлы жағдай туғызады. Бұл болашақта ДҚО соттарымен жүйелік ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, шара барысында Елбасы «біз мақсатты түрде бес реформа бойынша жұмыс істеп жатырмыз, үкіметтің бар аппараты мен Парламент депутаттары жұмыс істеуде. Біз оны 2016 жылдың  қаңтарында іске қосқымыз келеді, ол біз 78 заңнамалық акт қабылдауымыз қажет, Конституцияға өзгерістер енгізуіміз қажет, себебі біз қаржы орталығын құрып, дубай орталығының тәжірибесін алуға бел будық. Бұл орталықта барлығы ағылшын тілінде жүргізіледі. Қазір біз маңызды өзгерістер алдында тұрмыз» деген болатын.

Ботагөз Айтжанова

 

 





Яндекс.Метрика