Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Алматы облысында негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 258,7 млрд теңгені құрады

Жыл басынан бері Алматы облысының негізгі капиталына түскен инвестиция көлемі 258,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде 194,4 млрд теңгесі немесе 77 пайызы бюджеттен тыс инвестициялар, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы28 Тамыз , 15:18

Инвесторларға қолайлы жағдай туғызу  аясында 5 индустриялдық аймақ құру  бойынша жұмыс жүргізілуде, онда 67 кәсіпорын әр сала бойынша қызмет етпек: «Арна» –Қапшағайда, «Талдықорған» –Талдықорғанда, «Боролдай» – Іле ауданында,  «Қайрат» – Талғар ауданында, «Казбек бек» – Жамбыл ауданында.

«Жобалардың жүзеге асуына жергілікті бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді, 2015 жылға – 1,6 млрд теңге», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика