Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев: Қазақстанда ұлтаралық келісімді нығайту бойынша көпсалалы жұмыс жүргізілуде

Қазақстанда ұлтаралық келісімді нығайту бойынша көпсалалы жұмыс жүргізілуде, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 13:24

«Біздің газет-журналдарымыз 11 тілде жарықа шығады, театрлар 6 тілде жұмыс істейді. Оның ішінде, ағылшын, татар, әзірбайжан, корей, ұйғыр, неміс, украин, өзбек, дүнген тілдері бар. Бұлай жұмыс істейтін бір де бір елді кезіктірмейсіңдер. 200 этникалық мектеп пен 195 тілдік орталықтар жұмыс істейді. Мәдениет пен тілді дамыту бойынша көптеген ауқымды шаралар жүргізілуде», - деді Елбасы.

Ел Президенті атап өткендей, бұл шаралардың барлығын мемлекет қаржыландырады.

«Мұндай тәжірибе ешбір елде болмаған. Бұл мемлекеттің еркін үлесі, ол ел бойынша дәстүрге айналып кеткен әлемнің өзге мемлекеттерін зерттеуге көңіл бөлу», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.

Шараның ұйымдастырушылары ҚР Конституциялық кеңесі мен Еуропа кеңесі құқығы арқылы демократияны дамыту Еуропалық комиссиясы, ҚХА хатшылығы, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, СІМ, Астана қаласының әкімдігі, ЕҰУ, ҚазҰЗУ.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика