Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті: Конституцияда сәтті дамуға бағытталған барлық құқықтық әдіс бар

Конституцияда ұлттың дамуы мен өзін-өзі жаңартуға бағытталған барлық құқықтық әдіс бар, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 13:18

«Біздің негізгі заңда ұлттың дамуы мен өзін-өзі жаңартуға бағытталған барлық құқықтық әдіс бар.Біз өз алдымызда жаһандық мақсат қойдық, ғасырдың ортасында Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына қосу, ол 2050 жылға дейін әзірленген бағдарламалар бойынша жүзеге асады», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, конференцияға ҚР Президенті Н.Назарбаев, ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Парламент Палаталарының депутаттары мен төрағалары, ҚР Конституциялық кеңес мүшелері, орталық мемлекеттік орган жетекшілері мен 29 елдің конституциялық бақылау органдарының жетекшілері қатысуда.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика