Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев: Қазақстан негізгі заңның барлық тәртібі мен талаптарын жүзеге асырды

Қазақстан негізгі заңның барлық тәртібі мен талаптарын жүзеге асырды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 13:12

«2 онжылдық бойы біз Конституцияның тәртіптерін бақылап отырмыз, өте үлкен жолды өткердік, қазір біз әлемнің беделді елінің біріне айналдық.  Біздің ел негізгі заңның барлық тәртібі мен талаптарын жүзеге асырды», - деді Елбасы.  

Елбасының айтуынша, тек өзгеруге дайын мемлекеттік және қоғамдық құрылым сәттілікке ие болады.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.

Шараның ұйымдастырушылары ҚР Конституциялық кеңесі мен Еуропа кеңесі құқығы арқылы демократияны дамыту Еуропалық комиссиясы, ҚХА хатшылығы, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, СІМ, Астана қаласының әкімдігі, ЕҰУ, ҚазЗУ.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика