Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Конституция Тәуелсіздігіміздің теңдессіз сыйы болып есептеледі – Қазақстан Президенті

Конституция Тәуелсіздігіміздің теңдессіз сыйы болып есептеледі, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 13:07

«Біз мақсатты түрде бес реформа бойынша жұмыс істеп жатырмыз, үкіметтің бар аппараты мен Парламент депутаттары жұмыс істеуде. Біз оны 2016 жылдың  қаңтарында іске қосқымыз келеді, ол біз 78 заңнамалық акт қабылдауымыз қажет, Конституцияға өзгерістер енгізуіміз қажет, себебі біз қаржы орталығын құрып, дубай орталығының тәжірибесін алуға бел будық. Бұл орталықта барлығы ағылшын тілінде жүргізіледі. Қазір біз маңызды өзгерістер алдында тұрмыз», - деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, Конституция азаматтықтың символы болып есептеледі және Тәуелсіздіктің бірегей сыйы болып саналады.

«Мемлекетті сыйлау әрбір қазақстандықтың парызы болып есептеледі. Егер Конституцияның әрбір сөзін қастерлеп, бағаласақ үлкен жетістіктерге ие боламыз», - деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика