Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев: 20 жыл ішінде этностық топтар мен діни конфессиялардың барлық өкілдері жиналған аты алтын әріппен жазылған қазақстандық ұлт жасақталды

ҚР Конституциясы қабылданған 20 жыл ішінде этностық топтар мен діни конфессиялардың барлық өкілдері жиналған аты алтын әріппен жазылған қазақстандық ұлт жасақталды, деп хабарлады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 12:41

«Осы 20 жыл ішінде этностық топтар мен діни конфессиялардың барлық өкілдері жиналған аты алтын әріппен жазылған қазақстандық ұлт жасақталды. Ұлт қалыптасты, барлығы бірлікте болды. Бұл тұрғыда мен ынтымағы жарасқан мемлекетіміздің одан ары жарқын болашағын көремін», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттің басты заңының негізгі құндылықтарын еске түсірді.

«Бүгін біз Конституциямыздың 20 жылдық мерейтойын атап өтудеміз, Конституцияда баршаға ортақ құндылықтар көрсетілген және оны барлық қазақстандықтар қолдап отыр. Ол адамдарды ұлтына, дініне, діліне, тіліне өзгеде ерекшелектіріне қатысты бөлуге тыйым салу болып табылады. Осының негізінде еліміздің, халқымыздың  бірлігі қамтамасыз етілуде», - деп толықтырды Елбасы.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика