Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астанада ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай бастауыш сынып оқушылары үшін мереке-сабақ өтті

Білім күніне орай ҚР Тұңғыш Музейінде №48-ші мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары үшін «Менің Қазақстаным - менің болашағым», атты мереке-сабағы өтті. Шара ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналды.
Астана қаласы28 Тамыз , 12:31

Жыл сайын ҚР Президентінің Тұңғыш Музейі Астана қаласының білім беру басқармасымен бірігіп жыл бойы белсенді жұмыс істеген мектеп ұжымын Білім күніне орай шақырады. Осы жылы бұл құрметке №48-ші мектеп-гимназиясы ие болды.

Кішкентай азаматтар – болашақ 1-сынып оқушылары «Мен – Қазақстан азаматымын» викториналық сұрақтар негізіндегі ойын барысында өз елдерінің тарихы туралы мағлұмат алды.

«Осы пәндердің арқасында балалар жас ерекшелігіне қарай Конституция туралы нақты және жалпы ақпараттарды біле алады. Олардың болашағы біздің негізгі заңымызбен тікелей байланысты. Бүгін мына бүлдіршіндердің осы сабаққа келуі ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Білім күні қарсаңында олардың алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын айқындайды»,- деді ҚР Тұңғыш Музейі директорының орынбасары Ботагөз Каипова.

Бұл сабақты еске алу естелігі ретінде оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика