Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті: 1995 жылғы жағдай – халық тағдырының тарихи таңдауы

Бүгінде біз 1995 жылы орын алған жағдайды халық тағдырының тарихи таңдауы деп айта аламыз, деп хабарлады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 12:14

«Бүгінде біз 1995 жылы орын алған жағдайды халық тағдырының тарихи таңдауы деп айта аламыз. Біріншіден мемлекетіміз Егемендік алмас бұрын дағдарыс орын алды, осы ретте жас мемлеткеттің бұғанасының қатуы екі талай болатын. Алайда, халықтың ауырбірлішігі бұл қауіпті жеңіп шықты. Екіншіден, мемлекеттік құрылым жүйесі толығымен қайта құрылды. Ол ескі кеңестік үлгіден толығымен арылды. Үшіншіден, ұлттық экономика нарықтық болып түбегейлі өгерді. Біздің алғашқы парламенттеріміз кеңестік өмірді дәріптеді, бұл  хаус жағдайында заңсыздықтарға алып келді», - деді ҚР Президенті.

Осы ретте, Н.Назарбаев хабарлағандай, алғашқы Парламент сайлау туралы заңның бұзылуына орай таратылды және ол кейін Парламент өзі бекітетін Жарлық шығару туралы өкілдікті беруді  сұрады.

«Уақыт ешкімді аямады. 1990-1994 жылдары – үлкен дағдарыс болды, жылына 2050 инфляция, жалақы, зейнетақы төлейтін қаржы мүлдем болмады, дүкендердің сөресі қаңырап қалды. Бізге бір нәрсе істеу керек болды, осы ретте маған берілген өкілдікпен 147 жарлық шығарылды. Осы жағдай ғана экономиканы көтеру үшін нарықтық  қарым-қатынасқа көшуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ботагоз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика