Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті: Демократия – Қазақстан үнемі талпынып жүрген адамзатты дамытудың жалпы магистральді жолы

Демократия – Қазақстан үнемі талпынып жүрген адамзатты дамытудың жалпы магистральді жолы, деді ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 12:07

«Бізге батыс елдері өмір сүріп жатқан демократиямен жылдам қозғалу қажет деп айтады. Біз оны түсінеміз, демократия – бұл  Қазақстан үнемі талпынып жүрген адамзатты дамытудың жалпы магистральді жолы, біз оған енеміз», - деді Елбасы.

ҚР Президенті Қазақстан мәдени және діндік көзқарасы батыстікінен ерекшеленетін азиялық ел екенін айтып өтті.

«Біз азиялық қоғамбыз, бізде батыстан бөлек, ерекше салт-дәстүріміз бар. Сондықтан бізге абайлап қозғалу қажет. Оған қоса, соңғы 300 жылда бұл жерде саяси мәдениет пен демократия мәдениеті болған емес. Біздің өмірлік қызметімізге баға берген кезде біздің тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз бен  азиялық дәстүрімізді ескерсе екен дейміз. Егер де біздің көзқарасымыз елдің құрылуына салғырт болса, құрдымға кетер едік. Біз оны жақын көршілерімізден көріп отырмыз. Оның құны өте ауыр болар еді», - деді Ұлт көшбасшысы.

Индира Кауметова

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика