Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті: Елдің тұрақтылығы мен орнықтылығы экономикалық прогрессіз жүзеге аспайды

Елдің тұрақтылығы мен орнықтылығы экономикалық прогрессіз жүзеге аспайды, деді ҚР Президенті Астанадағы ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, гүлдену» атты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 11:48

«Біздің халық өмір бойы осы даламыз мен Отанымыз үшін күресті. Тәуелсіздік аналардың жасы мен аталардың қаны мен келген дүние. Тәуелсіздікті ала отырып біз ештеңені құрбандыққа қия алмадық. Біз ата-бабаның бізге артқан асқақ үмітін ақтауымыз керек болды, Тәуелсіздікті нығайтып, қазақтың дархан даласында осы сынды мемлекет құруымыз қажет болды», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, мемлекеттің құрылысы өте төтенше және жауапкершілікті қажет ететін күрделі үрдіс болып есептеледі.

«Оның құрылуы қатаң кесте немесе нақты жоспардың арқасында жүзеге асуы мүмкін. Тұрақтылық мен орнықтылық экономикалық прогрессізсіз өмір сүре алмайды. Мен жаңғырту басында экономикалық реформаларға жол бердім, себебі демократияның дамуы нақтыланған істерді жүзеге асыру барысында сәтті болатынын білдім. Бірінші экономика сосын барып саясат. Біз келе жатқан жолымыздан  бұрылған жоқпыз», - деді Мемлекет басшысы.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика