Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Конституциясы басты құндылық – көпконфессиялы халықтың бірлігін білдіреді

ҚР Конституциясы басты құндылық – көпконфессиялы халықтың бірлігін білдіреді, деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Конституция: бірілік, тұрақтылық, өркендеу» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында.
Астана қаласы28 Тамыз , 11:42

 «Біз Қазақстан халқымыз» деген сөзден басталатын Конституцияны қабылдадық. Осы үш сөзде біздің басты құндылығымыз көрініс тапқан -  көпконфессиялы, көпұлтты  халықтық бірлігі. Осы сөздерден біздің Отанымыз басталады», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев конференцияға қатысушыларға және шақыртуды қабыл алған шетелдік қонақтарға алғысын жеткізді.

Аталып өткендей,  конференцияға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың делегациялары, яғни ЕҚЫҰ, ЕАЭО соты, БҰҰ, Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы және басқа да ұйымдар өкілдері қатысуда. Бұдан басқа, конференцияға 28 елдің құқық қорғау мекемелері мен прокуратураларының, соттарының, конституциялық бақылау органдарының басшылары, отандық және шетелдік танымал заңгер-ғалымдар шақырылды.

Индира Кауметова

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика