Технологиялар трансферті

Алматы облысында биожанармай өңдейтін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Көксу ауданында қазақстан мен германиялық өндіріспен биожанармай өңдейтін зауыт ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы25 Қазан , 12:22

«Еуропалық технологиялар ауыл шаруашылық өнімдерінің қалдығын өңдеуге үлкен септігін тигізеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Ұсақталған заттар жылу энерготасымалдаушыларын ауыстырады. Олар: көмір, мазут, жанар жағармай сынды заттар. «Факел» цехінде сағат сайын 1,5 тонна   зат шығарады.

«Кәсіпорын инновациялық қалдықсыз мекемелердің құрамына енді», - деп облыс әкімдігі хабарлады.

«Факел» зауыты бірінші күннен бастап бюджеттік және әлеуметтік мекемелерге жаңа жанармайды ұсынып та үлгерді.




Яндекс.Метрика